Қыздың жолы жіңішке / Кыздын жолы жинишке

  • Подписчики: 252 подписчиков
  • ID: 163547637
Блокировка:
Нет ограничений
Верификация:
Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
открытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
ggjlcss

Описание

Сюжеттің ортасында Пенджабтың ортасында тұратын кәдімгі үнді отбасы. Үй иесі қаладағы құрметті әйел, екі қыздың анасы, салтанат сарайын жалға беріп, аздаған пайда тауып отыр. Барлық ана сияқты ол да қыздарының бақытты болғанын қалайды. Жақсы, тәрбиелі отбасына тұрмысқа бергісі келеді. Қыздары Пражья мен Бульбуль – ақылды, сұлу, бірақ мінездері әртүрлі. Пражья – қарапайым, арманшыл қыз, мұғалім болып жұмыс істейді. Ұялшақ әрі өте мейірімді. Ескі салтқа бағынып, анасы таныстырған жігітке тұрмысқа шығуға әзір. Ал Бульбульдың мінезі әпкесіне мүлде кереғар, өте пысық, белсенді, көңілді қыз. Ол тұрмысқа шығуға асықпайды, тек қана жұмыс істеп, мансапқа жеткісі келеді. Әпкесінің бейтаныс адамның етегінен ұстап, бақытты болатына сенбейді және танымайтын біреуге күйеуге шығу дегенді мүлде түсінбейді. Пражье болса, тұрмысқа шықсам бақытты боламын деп ойлайды. Алайда тойға аз күн қалғанда күйеу жігіттің ақшақұмар анасы аяқ астынан өнер шығарып, қалыңдықтың отбасынан қомақты жасау – ең қымбат дүниелерін талап етеді. Жас қыз мұны естіп, той болмайды деп ақырғы шешімін айтады. Бойжеткеннің тұрмысқа шықпай қалғанына қуанған бір ғана адам болса, ол Пражьяның досы, әріптесі Суреш есімді жігіт. Суреш көрші тұратын ақылды, сұлу қызға көптен бері ғашық, бір жағынан оның тұрмысқа шықпай қалса да, мойымаған мінезіне, табандылығына, батылдығына қайран. Ал мына оқиғадан кейін оған әзірге сезімін көзге ілмей жүрген сүйіктісінің көңілін аулауға жақсы бір мүмкіндік туады. Апалы-сіңлісі екі бойжеткен өт бақыттарын тауып, армандары орындалар күнге жете ала ма?  Бұл сұрақтың жауабын арнамызбен бірге біле аласыздар. Дүйсенбі мен Жұма 16:00-де, 31 арнада «Қыздың жолы жіңішке» телехикаясы!