Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
открытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
erkeesmaxanclub
Описание
Ерке ауылда тұрған кезде музыка мектебінде оқыды. Ақтөбеге келгенде музыкалық училищені бітірді. Ол өнерге жарты жолдан қосылған жоқ. Алматыға барған кезде де консерваторияда білім алды. Өнердің барлық сатыларынан өтіп келеді. Кейбіреулер қаражат жинап алып, орта жолдан қосылып кетеді. Мен қарындасымның ашық-шашық шығып, өнер көрсетпейтініне қуанамын. Шоу бизнестің өз жолы бар шығар. Мен басқаларды сынамаймын, әркімнің бөлек бағыты бар. Бірақ менің қарындасым бірыңғай қазақы, халықтың әндерді айтады»,-дейді қарындасының жетістігіне көңілі толған ағасы. Ерке өзінің отбасы туралы Instagram парақшасына жиі жазып тұрады. Ол үйінің кенжесі. Өзінен үлкен екі әпкесі мен екі ағасы бар. Әкесі Әбдіраш қазақ тілі қоғамының төрағасы, кіші ағасы облыстық дін істер басқармасының басшысы. «Ерке атына заты сай ерке қыз. Соның ішінде маған көбірек еркелейді. Жеке өміріне байланысты да сырын айтады. Дін жолында бұл әрекетім асыра сілтеушілік болмай ма, қате болмай ма немесе сауап жасағым келеді, қандай нәрселерге барғаным дұрыс деп ақылдасып тұрады. Анамның жүкті кезіндегі арманы мен «Айша бибі» әнінің бейнебаян болып шыққанға дейінгі өмірін қарасам, анамның дұғасы мен қарындасымның жетістігінде байланыс бар. Отбасымызда Еркенің өнердегі жетістіктеріне қатты қуанатын анам»,-дейді Ерке Есмаханның ағасы.